«2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының XXXIV сессиясының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 475 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы XXXIV сессиясының № 475 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5606 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 желтоқсандағы электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын: «1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 335183928 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 71754003 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 2844994 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 0 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 260584931 мың теңге; 2) шығындар - 343556603 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 66606555 мың теңге: бюджеттік кредиттер - 71280924 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 4674369 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге: қаржы активтерін сатып - 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - алу 74979230 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 74979230 мың теңге: қарыздар түсімдері - 71280948 мың теңге; қарыздарды өтеу - 4673368 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 8371650 мың теңге.»; 3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|