Жалағаш ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Жалағаш ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Жалағаш ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 маусымдағы № 33-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 10-7 шешімінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 тамыздағы № 5-4 шешіміне қосымша
Жалағаш ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары
1. Осы Жалағаш ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ, көше тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|