«Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін. 3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 9-VIII шешіміне қосымша
«Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Атырау облыстық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Констуциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президент мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Мәслихат аппараты ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады. 4. Мәслихат аппараты азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Мәслихат аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|