«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында: 2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «9) базалық тарифтік жоспар - абоненттік төлемсіз аванстық есеп айырысу тәртібі бар және ұялы байланыстың негізгі қызметтерін қамтитын тарифтік жоспар;»; 2-тармақтың 12) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «12) есеп айырысу кезеңі - кредиттік есеп айырысу тәртібі бойынша ұялы байланыс операторымен абонентке көрсетілген ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлейтін есептік кезең аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік отыз күн. 13) есептік кезең - кредиттік есеп айырысу тәртібі бойынша күнтізбелік бір айға тең ұялы байланыс қызметтері көрсетілген және есептелген уақыт кезеңі. Кредиттік есеп айырысу тәртібін көздейтін тарифтік жоспардың есептік кезеңі оған қосылған күннен бастап келесі айдың ұқсас күніне дейін басталады;»; 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «25. Ұялы байланыс қызметтерін абонентке ұялы байланыс операторы осы Қағидаларға сәйкес онымен шарт жасасқан сәтінен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ұсынады. Аванстық есеп айырысу тәртібін көздейтін тарифтік жоспарлар бойынша ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартта белгіленген тәртіпте және шарттарда, сондай-ақ тиісті тарифтік жоспарлардың шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|