Елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Бәйтерек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін. 2. Зеленов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 375 «Зеленов ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық ақтілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5212 тіркелген, 2018 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т.К.Тулепкалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары М.Б. Байменовке жүктелсін. 5. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Бәйтерек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Р.Бахтияров ___ қазан 2020 жыл
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 605 қаулысымен бекітілген
Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|