|
|
|
22.08.2019 Алматыда ұлттық стандарттарды көрсету бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасының нормаларын түсіндіру және талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті
2019 жылдың 21 тамызында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Алматы қаласы бойынша филиалымен бірлесіп, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының алаңында жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның жұмысы барысында Алматы қаласының білім беру мекемелері үшін мектеп жиһаздарын сатып алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының ұлттық стандарттарды көрсету бөлігіндегі нормаларын түсіндірді. Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының, Алматы қаласының инвестиция және кәсіпкерлік басқармасының, Алматы қаласының білім басқармасының, ҚР ДСМ Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, сонымен қатар «ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында ТРМК Алматы қаласы бойынша департаментінің бөлімінің басшысы Қ.Қ.Жұманова өнімге арналған қолданыстағы ұлттық стандартты техникалық ерекшелікте, ал ол болмаған жағдайда мемлекетаралық стандартты көрсету қажеттілігі туралы түсіндірді. Ұлттық стандарттың орнына бір ұйымның техникалық құжаты болып табылатын және пайдаланушылардың кең ауқымына қолжетімсіз ұйым стандартын көрсетуге, сондай-ақ ұлттық стандарттардың орнына Ресей Федерациясының стандарттарын көрсетуге және т. б. жол берілмейтіндігін атап өтті. «ҚазСтИн» РМК филиалының стандарттау бөлімінің бастығы Б. С. Мұхамеджанова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ж. М. Қасымбектің басшылығымен 2019 жылғы 10 шілдедегі № 17-3/05-2205 жергілікті қамту мәселелері жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша Хаттаманың 5-тармағын орындау үшін «ҚазСтИн» РМК өткізген Мемлекеттік сатып алу порталының техникалық ерекшеліктерінде ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды қолдануды талдау нәтижелері бойынша сөз сөйледі.
В Алматы состоялся круглый стол по разъяснению и обсуждению норм законодательства Республики Казахстан в сфере государственных закупок в части указания национальных стандартов.
21 августа 2019 года Департаментом Комитета технического регулирования и метрологии по г. Алматы совместно с филиалом РГП «Казахстанский институт стандартизации и сертификации» по г. Алматы на площадке Палаты предпринимателей города Алматы в ходе работы Комиссии по контролю местного содержания по вопросам приобретения школьной мебели для учреждений образования г. Алматы были разъяснены нормы Закона Республики Казахстан «О государственных закупках» в части указания национальных стандартов. В работе круглого стола приняли участие представители Палаты предпринимателей г. Алматы, Управления предпринимательства и инвестиций г. Алматы, Управления образования г. Алматы, Департамента контроля качества и безопасности товаров, работ и услуг МЗ РК, а также ОЮЛ «Ассоциации производителей мебельной и деревообрабатывающей промышленности РК» В ходе круглого стола руководитель отдела ДКТРМ по г. Алматы Джуманова К.К. разъяснила о необходимости указания в технической спецификации действующего национального стандарта на продукцию, а в случае его отсутствия межгосударственного стандарта. И подчеркнула, что недопустимо вместо национального стандарта указывать стандарт организации, который является техническим документом одной организации и недоступен широкому кругу пользователей, также, вместо национальных стандартов указывать стандарты Российской Федерации и т.д. Начальник отдела стандартизации филиала РГП «КазИнСт» Мухамеджанова Б.С. выступила по результатам анализа применения национальных и межгосударственных стандартов в технических спецификациях портала государственных закупок, проведенного РГП «КазИнСт» во исполнение п.5 Протокола по итогам совещания по вопросам местного содержания под руководством Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Касымбека Ж.М. от 10 июля 2019 года № 17-3/05-2205.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |