|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 191 бұйрығына 3-қосымша
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (13-шығарылым)
1-тарау. Кіріспе
1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (13-шығарылым) (бұдан әрі - БТБА) тиісті разрядтағы жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында бар, оларды орындау күрделілігіне тиісті қаңылтыр-банкі және туб өндірісі бойынша жұмыстарды қамтиды. 2. БТБА Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген. 3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
2-тарау. Қаңылтыр-банкі және туб өндірісінің разрядтары бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Алюминий тубтарға арналған дискілерді штампылаушы, 3-разряд
4. Жұмыстар сипаттамасы: алюминий орамасын тарқатушы құрылғыда тарқатып жазу, алюминийді түзету құрылғысында түзеу, алюминий жолақтарын жаншу станогында жаншу; табақтарды жолақтарға кесу; дискілерді қуаты 40 тоннаға дейінгі эксцентрлік автоматты престе кесу. түрлі үлгідегі престердің құрылымы мен жұмыс принципін; металдың маркасына қарай штампылау және түзеу әдістері мен дискі бетінің жол берілетін бұдырлығын; металл ленталары мен жолақтардың мөлшерін; штампылар мен пайдаланылатын құралдарды орнату, түсіру және бекіту тәсілдерін; бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын, шектеулер мен орналастыруларды; бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
2-параграф. Қаңылтыр-банкі жабдығының операторы, 4-разряд
автоматтандырылған жабдықпен жарақтандырылған, пультпен басқарылатын, өнімділігі минутына 350 банкіге дейінгі ағынды желілерде қаңылтыр-банкі өндіру процестерін жүргізу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|