Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына 28-қосымша
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына 29-қосымша
«Акциз бойынша декларация (400.00-нысан)» салық есептілігін «жасау қағидалары» (2022.14.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2022.18.01. № 49 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы «Акциз бойынша декларация (400.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және акциз сомаларын есептеуге арналған «Акциз бойынша декаларция» салық есептілігі нысанын (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны акциз төлеушілер Салық кодексінің 11-бөліміне сәйкес толтырады. Бензин (авиациялықты қоспағанда) мен дизель отынын өткізуді жүзеге асыратын акциз төлеушілерді қоспағанда, орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органында тіркелген салық салуға байланысты бір объектісі бар акциз төлеуші акциз бойынша декларацияны құрылымдық бөлімшелер немесе салық салуға байланысты объекті үшін есепті қоса бермей-ақ табыс етеді. 2. Декларация декларацияның өзінен (400.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (400.01-ден 400.08-ге дейінгі нысандар) тұрады. 3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. 6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды. 7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|