Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Албания Республикасының Министрлер Кеңесі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім (Нью-Йорк, 2022 жыл 22 қыркүйек)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 Қаулысымен бекітілді 2023 жылғы 25 сәуірде күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Албания Республикасының Министрлер Кеңесі Тараптар мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастарға жәрдемдесуге ниет білдіре отырып, өз мемлекеттері азаматтарының Тарап мемлекеттерінің аумағына кіруін жеңілдету мақсатында төмендегілер туралы келісті:
1. Тараптардың бірінің мемлекетінің азаматтары – жарамды жол жүру құжаттарының иелері бірінші келген кезінен бастап 365 күндік әрбір кезең ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге екінші Тарап мемлекетінің аумағына бір немесе бірнеше мәрте келу, одан кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін болу кезеңі Қазақстан Республикасы азаматтарының Шенген аймағының аумағында болу қағидаларына сәйкес есептеледі. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген барынша көп кезеңнен ұзақ уақытқа екінші Тарап мемлекетінің аумағында жұмысқа орналасу немесе оқу мақсатында қалуға ниет білдірген Тараптардың бірінің мемлекетінің азаматтары – жарамды жол жүру құжаттарының иелері осы Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес талап етілетін тиісті визаны алуға тиіс.
Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаттары: дипломатиялық паспорт; қызметтік паспорт; Қазақстан Республикасы азаматының паспорты; Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік (Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаты); Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі. Албания Республикасының жарамды жол жүру құжаттары: ұлттық паспорт; дипломатиялық паспорт; қызметтік паспорт; Албания Республикасына қайтып оралуға арналған жарамды жол жүру құжаты (тек Албания Республикасына қайтып оралу үшін); теңізшінің жеке куәлігі (кеме тізіміндегі жазба немесе одан үзінді бойынша). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|