«Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 982 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 110 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiнде № 17706 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»; 1 тармақтың 2) және 3) тармақшасы алып тасталсын; көрсетілген бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрыққа қоса берілген 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасы осы бұйрыққа қоса берілген 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бірлескен бұйрықтың 5-қосымшасы осы бұйрыққа қоса берілген 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|