«Жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 412 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 325 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11167 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген барлауға арналған модельдік келісімшартта: 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Қазақстан Республикасының көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегеріле отырып, жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мәмілелер жасасу кезінде қолданатын, бағадан аспайтын бағалар бойынша жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын сатып алуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы бар.»; 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылуы кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының саны әрбір тиісті санат бойынша қызметкерлердің жалпы санының елу пайызынан кем болмауға тиіс менеджерлер мен мамандарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға басымдық беруге міндеттенеді. Бұл ретте, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын басшылар үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының санына арақатынасты сақтау бойынша талаптар қолданылмайды.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|