«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында: 53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «53. Мемлекеттік кіріс органдары артуына әкеп соқтыратын қаржылық орнықтылық көрсеткіштерін төмендету, сондай-ақ бұрмалау және (немесе) көрсетпеу фактілерін анықтаған, оның ішінде әлеуетті өнім берушілердің салық есептіліктерінің қосымша нысандарын ұсынуы және (немесе) салық декларацияларын кері қайтарып алу арқылы анықтаған жағдайларда, уәкілетті орган: 1) мемлекеттік кірістер органдарының нақты деректеріне сәйкес олардың артып кету жағдайларын қоспағанда, осындай әлеуетті өнім берушілер бойынша мәліметтерді веб-порталда түзетеді; 2) өткен жылдың алдындағы үш жыл кезеңінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық орнықтылық көрсеткіштерін негізсіз арттыруға әкеп соғатын салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік кірістер органдарының хабарламалары бойынша бұзушылық жойылғанға дейін осындай әлеуетті өнім берушілердің қаржылық орнықтылық көрсеткіштерін веб-порталда көрсетпейді; 3) Заңның 11-бабында көзделген жағдайларда мұндай әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу жөнінде шаралар қабылдайды.»; 90, 91 және 92-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|