«Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 558 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 433 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 558 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14112 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті берушінің өтiнiш-сауалнаманы, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағына қарастырылған құжаттарды қабылдау және тіркеу - 30 (отыз) минут; 2) цифрлық камераны және арнайы сканердi пайдалану арқылы суретке түсіру, қол саусақтарының таңбасын алу және осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қолхат-хабарлама беру - 30 (отыз) минут; 3) қарау үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беру - 1 (бір) сағат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|