ҚР Ішкі істер министрінің 2018.16.10. № 721 бұйрығымен 55-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 55-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2022.24.01. № 18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ЕРЕЖЕ
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.24.09. № 823 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) облыс аумағындағы қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелеріне және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарына басшылық етуді жүзеге асыратын аумақтық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Департаментке егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|