Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-64 «Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Жетісу облыстық мәслихатының «Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-64 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190684 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер 479 361 705 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсiмдер бойынша 46 876 841 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша 13 065 804 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер бойынша 17 000 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша 419 402 060 мың теңге; 2) шығындар 479 533 373 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу 17 962 349 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер 32 830 436 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу 14 868 087 теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 2 879 555 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу 2 879 555 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 21 013 572 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 21 013 572 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімі 27 042 708 мың теңге; қарыздарды өтеу 11 440 638 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 5 411 502 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 14 және 15-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын: «14. 2024 жылға арналған облыстық бюджетте қоршаған ортаны қорғау және объектілерді дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізуге 633 707 мың теңге сомасында көзделсін. 15. 2024 жылға арналған облыстық бюджетте автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 30 059 141 мың теңге сомасында көзделсін.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|