|
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9887 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларының қызметін бағыттаушы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|