Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 54-қосымша
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 55-қосымша
«Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі (701.01-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (2022.18.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2022.18.01. № 49 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы «Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі (701.01-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық кезеңінің басында бар салық салу объектілері бойынша және салық кезеңі ішінде салық міндеттемелері өзгерген кезде жер салығы мен мүлік салығын есептеуге арналған «Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі» салық есептілігі нысанын (бұдан әрі - есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің 498 және 517-баптарында көрсетілген жеке және заңды тұлғалар жасайды. 2. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және өшіруге жол берілмейді. 3. Көрсеткіштер болмаған кезде есептің тиісті торкөздері толтырылмайды. 4. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу, «-» - алу, «х» - көбейту, «/» - бөлу, «=» - тең. 5. Сомалардың теріс мәндері есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді. 6. Есепті жасау кезінде: 1) қағаз жеткізгіште - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық нысанда - Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|