ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 322-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: 2-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. АЭА аумағындағы қызмет түрлері: 1) мыналарды: тамақ өнімдерін өндіруді; сусындар шығаруды; темекі бұйымдарын өндіруді; тоқыма бұйымдарын өндіруді; киім шығаруды; жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді; химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруді; металлургия өнеркәсібін; жиһаз шығаруды; автокөлік құралдарын шығаруды; машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп; 2) ақпарат және байланыс; 3) кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет; 4) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы АЭА қатысушылары үшін АЭА-ның аумағында қызметті жүзеге асыру талабы қызметтің мына түрлері: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|