2024 жылға Батыс Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алу өлшемшарттарын, өтінім нысаны және өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18404 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2024 жылға Батыс Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері, субсидиялар алу өлшемшарттары және өтінім беру мерзімдері бекітілсін. 2.Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2024 жылға Батыс Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға арналған өтінім нысаны бекітілсін. 3.Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 252 қаулысына 1-қосымша
2024 жылға Батыс Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері, субсидиялар алу өлшемшарттары және өтінім беру мерзімдері
Аббревиатуралардың толық жазылуы: АЖБ - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|