Осы редакция 2017 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.26.11. № 1112 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2015.26.11. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.26.11. № 1112 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.26.11. № 1112 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берілген сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні; 2) рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты - 20 (жиырма) минут; 3) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 20 (жиырма) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде. ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.26.11. № 1112 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|