Осы редакция 2016 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 355 бұйрығына 10-қосымша
«Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 бұйрығымен бекітілген ««Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (2015 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11052 болып тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы (бұдан әрі - МЖК ААЖ) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, оның филиалдарымен және аудандық бөлімшелерімен (бұдан әрі - қызмет беруші) жергілікті жерде көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру қызмет көрсетушінің кеңсесі (құжаттарды қабылдау және беру бөлімі немесе аудандық бөлімшелер) арқылы жүзеге асырылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалық күй-жайы (топырақтың мелиоративтік күй-жайы, бонитет балы және мал-азықтық алқаптардың мәдени-техникалық күй-жайы) мен жер учаскесінің бағалау құны туралы мәлімет болып табылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|