«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 609 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елдер бөлінісінде «Болашақ» халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыс нормаларына: 2 және 3 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Өзге де шығыс нормалары: визаны рәсімдеу, ұзарту (консулдық жинақ), виза (консулдық жинақты) рәсімдеу үшін Елшіліктің талабы бойынша міндетті көрсетілетін қызметтерді; шетелдік жоғары оқу орындарына 5-тен (бестен) аспайтын сауалнама нысанын ресімдеу және беруді; қабылдаушы елдің уәкілетті органдарында және шетелдік жоғары оқу орындарында стипендиаттардың тіркелуін; шет тілін білу деңгейін анықтауға бір тестілеуді қоса алғанда, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша өтуі қажет болған жағдайда тілдік курстарды; академиялық оқуға түсу үшін шетелдік жоғары оқу орындарының талаптары бойынша дайындықтың академиялық және техникалық деңгейін анықтау бойынша пәндік емтихандарды бір реттен көп емес тапсыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|