Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 221 қаулысымен мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі, өздерінің Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын ұстанатынын растай отырып, Тараптар арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастарды назарға ала отырып, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес екіжақты ынтымақтастықты қолдау бойынша бірлескен күш-жігерді жүзеге асырудың маңыздылығын мойындай отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаты Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес Тараптар арасындағы тең құқықтылық қағидаты негізінде өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастық орнату және одан әрі дамыту болып табылады.
Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес ынтымақтастықты мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырады: қару-жарақты, әскери техниканы, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, зияткерлік қызмет нәтижелерін, оның ішінде оларға ерекше құқықтарды (зияткерлік меншікті) және әскери-техникалық саладағы ақпаратты, конструкторлық, нормативтік, техникалық, технологиялық және пайдалану құжаттамасын, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасымен әскери мақсаттағы өнімге жатқызылатын кез келген басқа да өнімді қамтитын әскери мақсаттағы өнімді өзара жеткізуді жүзеге асыру; қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындау; Тараптардың уәкілетті органдарының келісуі бойынша әскери мақсаттағы өнімді әзірлеу, шығару, жөндеу, жаңғырту және кәдеге жарату жөнінде бірлескен кәсіпорындар, бірлескен өндірістер құру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|