ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. НЫҒМАТУЛИН жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы күн, құрметті әріптестер және шақырылған қонақтар! Құрметті депутаттар, баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Уважаемые депутаты, прошу всех вас пройти процедуру регистрации. Сенаттың 47 депутатынан 44 депутат, Мәжілістің 107 депутатынан 105 депутат қатысып отыр. Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, біздің бірлескен отырысымызға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары, Үкімет мүшелері, Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент палаталары аппараттарының жауапты қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр. Құрметті депутаттар, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша қандай пікірлеріңіз болады? Қолдаймыз ғой?
ОРНЫНАН. Қолдаймыз.
ТӨРАҒА. Онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Сонымен күн тәртібі бекітілді. Енді, Құрметті депутаттар, күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз. Бірінші мәселе - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауы жөнінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|