|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 100-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 1) 11-баптың 5-тармағы «гранттар,» деген сөзден кейін «шетелдіктер үшін туристік жарналар,» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 51-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын: «4-2) шетелдіктер үшін туристік жарналар;»; 3) 52-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын: «4-2) шетелдіктер үшін туристік жарналар;». 2-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 1) 92-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) туристік қызмет.»; 2) 284-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «(фабрика, зауыт, цех)» деген сөздер алып тасталсын; 3) 286-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Басым туристік аумақтарда туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді құру кезінде заңды тұлға инвестицияларының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі жүз мың еселенген мөлшерін құрайды;»; 4) 292-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Инвестициялық басым жоба басым туристік аумақтарда іске асырылған жағдайда, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның басым туристік аумақтарда инвестициялық басым жобаның іске асырылуын растайтын хаты да қоса беріледі.». 3. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) ономастика саласындағы уәкілетті орган - ономастика саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»; 8) тармақшадағы «уәкілетті орган» деген сөздер «тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) мынадай мазмұндағы 24-2-баппен толықтырылсын: «24-2-бап. Ономастика саласындағы уәкілетті органның құзыреті Ономастика саласындағы уәкілетті орган: 1) республикалық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді; 2) ономастика комиссияларының қызметін үйлестіреді; 3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 3) 25-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «25-бап. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті»; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган:»; 5-1) тармақшадағы «терминология және ономастика комиссияларының» деген сөздер «терминология комиссиясының» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақша алып тасталсын. 4. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 26-баптың 2-тармағындағы «туристік жолдамалармен» деген сөздер «туризм мақсатымен» деген сөздермен ауыстырылсын. 5-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-10-тармақпен толықтырылсын: «2-10. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретіне шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту жатады.»; 2) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-5-тармақпен толықтырылсын: «1-5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады. Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларының негізінде әзірленеді.»; 3) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын: «31) шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады. Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларының негізінде әзірленеді.». 6. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 6-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1) бүкіл мәтін бойынша «(гид-аудармашы)», «(гид-аудармашылардың)», «(гид-аудармашылар)», «(аудармашы гидті)», «(аудармашы гидтердің)», «(гид-аудармашымен)» деген сөздер алып тасталсын; 2) 1-бапта: 1) және 1-1) тармақшалар алып тасталсын; 6-тармақтың 2) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын; «2) гид - Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер немесе жалдамалы жұмыскер ретінде қызметін жүзеге асыратын, туристерге ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтер көрсету үшін кәсіптік даярланған жеке тұлға;»; 2-1), 2-2), 2-3) және 3) тармақшалар алып тасталсын; 6-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтары 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) келу туризмі саласындағы туристік операторлық қызмет - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын туристерге, оның ішінде туристік агенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;»; мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын: «3-2) сақтандыру сертификаты - сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екенін куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптары туралы ақпаратты қамтитын, жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін сақтандырушы ресімдеген құжат;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) туризм - туристің тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты емес саяхатта уақытша болуы;»; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) туризм инфрақұрылымы - туризм саласының жұмыс істеуіне және туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ұйымдар жиынтығы, өндірістік, әлеуметтік және рекреациялық мақсаттағы құрылысжайлар мен желілер кешені;»; 6-тармақтың 2) тармақшасының он төртінші, он бесінші абзацтары 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) туризм нұсқаушысы - тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер немесе жалдамалы жұмыскер ретінде қызметін жүзеге асыратын, кәсіптік даярланған жеке тұлға;»; мынадай мазмұндағы 7-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын: «7-1) туристендіру картасы - туристер қызығушылық танытатын, республикалық және өңірлік деңгейлердегі аумақтар;»; 6-тармақтың 2) тармақшасының он сегізінші - жиырмасыншы абзацтары 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді «8-1) туристік агент (бұдан әрі - турагент) - турагенттік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) туристік агенттік қызмет (бұдан әрі - турагенттік қызмет) - жеке немесе заңды тұлғалардың қосымша көрсетілетін қызметтерді қосу құқығынсыз туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде Қазақстан Республикасының туристік операторы қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі, сондай-ақ туристерге туристік өнім болып табылмайтын қызметтер көрсету жөніндегі қызмет;»; 11) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 11-1) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын: «11-1) туристік код - шығу туризмі саласындағы туроператор туриске беретін, ұйымдастырылған шығу туризмі шеңберінде туроператордың міндеттемелеріне кепілдік беретін бірегей нөмір;»; 6-тармақтың 2) тармақшасының жиырма төртінші абзацы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі «13-1) туристік көрсетілетін қызметтерді өтеу - жұмыскердің Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген туристік қызметтерге жұмсаған шығындарын жұмыс берушінің өтеуі;»; 17) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «17) туристік маршрут - туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік қызмет объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;»; 6-тармақтың 2) тармақшасының жиырма жетінші - жиырма тоғызыншы абзацтары 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді «19) туристiк операторлық қызмет (бұдан әрі - туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың шығу туризмі саласындағы туристiк өнiмдi қалыптастыру, турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу және келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туристік өнімді қалыптастыру, туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;»; мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын: «19-1) туристік оператор (бұдан әрі - туроператор) - туристік операторлық қызметті, ішкі туризм, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»; 20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «20) туристік өнім - саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті барлық қажетті туристік көрсетілетін қызметтер кешені;»; 6-тармақтың 2) тармақшасының отыз екінші - отыз алтыншы абзацтары 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді мынадай мазмұндағы 26-1) және 26-2) тармақшалармен толықтырылсын: «26-1) шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызмет - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны турагенттер арқылы туристерге ұсыну және өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнімді турагенттер арқылы туристерге ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі; 26-2) ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;»; 30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «30) экскурсовод - Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер немесе жалдамалы жұмыскер ретінде қызметін жүзеге асыратын, туристерге уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік көрікті жерлермен таныстыру жөнінде экскурсиялық қызметтер көрсету үшін кәсіптік даярланған жеке тұлға.»; 3) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Туристік қызмет субъектілеріне мыналар жатады: 1) туроператорлар; 2) турагенттер; 6-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацы 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3) Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтер, экскурсоводтар, туризм нұсқаушылары; 4) туристік қызмет саласындағы қоғамдық бірлестіктер; 5) ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым; 6-тармақтың 3) тармақшасының сегізінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 6) шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары.»; 4) 4-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) көрсетілетін ойын-сауық қызметтері;»; 5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын: «6-бап. Қазақстан Республикасындағы туризмді сыныптау 1. Қазақстан Республикасында туризм: 1) туризм түрлері бойынша; 2) салалық қағидат бойынша; 3) субъектілік қағидат бойынша; 4) объектілік қағидат бойынша сыныпталады. 2. Туризм түрлері халықаралық және ішкі туризмді қамтиды. 3. Халықаралық туризм мыналарды қамтиды: 1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың оның шегiндегi саяхаттары деп түсінілетін келу туризмi; 2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхаттары деп түсінілетін шығу туризмi. 4. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаттары ішкі туризм болып табылады. 5. Салалық қағидат бойынша туристік қызметтерді көрсетуге және нақты саладағы объектілермен және қызметпен танысуға деген туристік қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты туризм бағыттары ажыратылады. 6. Субъектілік қағидат бойынша туристердің өздерінің мәртебесіне (жасына, кәсібіне және басқаларына) байланысты туризм бағыттары ажыратылады. 7. Объектілік қағидат бойынша туристердің нақты объектілерге және (немесе) оқиғаларға баруына байланысты туризм бағыттары ажыратылады.»; 6-тармақтың 6) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 6) 1-тарау мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын: «7-1-бап. Шетелдіктер үшін туристік жарна 1. Қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақ жайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін туристерден алынатын төлем шетелдіктер үшін туристік жарна болып табылады. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген туристерді орналастыру орындарын қоспағанда, туристерді орналастыру орындарын беретін тұлғалар шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары деп танылады. Шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары шетелдіктер үшін туристік жарнаны алуды және жергілікті бюджетке аударуды жүзеге асыруға міндетті.»; 7) 9-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «, келу, әлеуметтік және өз бетінше туризмді» деген сөздер «туризм мен келу туризмін» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтың 8) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 8) 10-бап мынадай мазмұндағы 10-4) тармақшамен толықтырылсын: «10-4) шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекітеді;»; 9) 11-бапта: 6-тармақтың 9) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 20-5) және 20-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «20-5) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген адамдардың мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізеді; 20-6) турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 20-9), 20-10), 20-11), 20-12), 20-13), 20-14), 20-15), 20-16), 20-17), 20-18), 20-19), 20-20), 20-21), 20-22), 20-23), 20-24) және 20-25) тармақшалармен толықтырылсын: «20-9) басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын бекітеді; 20-10) туристендіру картасын бекітеді; 6-тармақтың 9) тармақшасының сегізінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 20-11) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын бекітеді; 6-тармақтың 9) тармақшасының тоғызыншы абзацы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі 20-12) туристік көрсетілетін қызметтерді өтеу қағидаларын бекітеді; 20-13) туризм инфрақұрылымын салу және жетілдіру жөніндегі қызметті үйлестіреді; 6-тармақтың 9) тармақшасының он бірінші - он жетінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 20-14) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді; 20-15) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді; 20-16) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді; 20-17) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптар тізбесін келіседі; 20-18) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекітеді; 20-19) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді; 20-20) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді; 20-21) туристік саланы дамыту бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады; 6-тармақтың 9) тармақшасының он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 20-22) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялайды; 20-23) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді; 20-24) салалық, субъектілік және объектілік қағидаттар бойынша Қазақстан Республикасындағы туризм бағыттарының сыныптауышын қалыптастырады және бекітеді; 20-25) ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;»; 10) 12-бапта: 1-тармақта: 9) тармақшадағы «және өз бетінше туризмді дамытуға» деген сөздер алып тасталсын; 6-тармақтың 10) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;»; мынадай мазмұндағы 13-5), 13-6), 13-7), 13-8), 13-9), 13-10), 13-11), 13-12) және 13-13) тармақшалармен толықтырылсын: «13-5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды; 13-6) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасайды; 13-7) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландырады; 6-тармақтың 10) тармақшасының оныншы - он бесінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 13-8) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді; 13-9) уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекітеді; 13-10) елді мекендерден тыс жердегі туристерді орналастыру орындарына дейін облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; 13-11) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді; 13-12) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды; 13-13) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;»; 2-тармақтың 5) тармақшасындағы «және өз бетінше туризмді дамытуға» деген сөздер алып тасталсын; 11) 3-тарау мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2 және 14-3-баптармен толықтырылсын: «14-1-бап. Басым туристік аумақтар 1. Туристендіру картасының республикалық деңгейдегі объектілері тізбесіне енгізілген, туристік дамытудың ерекше әлеуеті бар аумақ басым туристік аумақ болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар басым туристік аумаққа қатысушылар болып табылады. 3. Басым туристік аумақ: синергетикалық әсер есебінен аумақтың туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру; туристік қызмет субъектілері жұмысының тиімділігін арттыру; туризмді дамытудың неғұрлым перспективалы нүктелерінде ресурстарды (материалдық, зияткерлік және басқаларын) шоғырландыру мақсатында құрылады. 4. Басым туристік аумақтарда туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 6-тармақтың 11) тармақшасының оныншы, он бірінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 14-2-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау Басым туристік аумақта инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес преференциялар беріледі. 14-3-бап. Ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымның өкілеттіктері Ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымға мынадай өкілеттіктер беріледі: 1) келу туризмі мен ішкі туризмді дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады; 2) Қазақстан Республикасын және оның туристік мүмкіндіктерін халықаралық және ішкі туристік нарықтарда, оның ішінде ұлттық туристік порталды пайдалану мен дамыту арқылы ілгерілетуді жүзеге асырады; 3) ұлттық туристік брендтерді әзірлейді және халықаралық және ішкі туристік нарықтарда ілгерілетеді, бекітілген қағидаларға сәйкес олардың тізілімін қалыптастырады және жүргізеді; 4) туристік саладағы маркетингтік стратегияны әзірлейді, оның іске асырылу мониторингін үйлестіреді және жүргізеді; 5) туристік ресурстарды құруға және дамытуға қатысады; 6) Қазақстан Республикасының туристік әлеуетіне талдау жүргізеді; 6-тармақтың 11) тармақшасының жиырмасыншы абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 7) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялауды әкімшілендіреді.»; 12) 15 және 15-3-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары 1. Шығу туризмі саласындағы туроператор шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыру кезінде шетелге шығатын әрбір туриске қатысты туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті. 6-тармақтың 12) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтары 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 2. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес: шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызмет лицензияланатын қызметтің кіші түрі болып табылады; келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет лицензияланатын қызметтің кіші түрі болып табылады; турагенттік қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметі хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады. Туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату, бұрын жасалған шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, туристік қызметтер көрсетуге тыйым салуға алып келеді. Туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Туроператор туристерге туристік өнімге кіретін барлық көрсетілетін қызметтерді дербес өзі немесе туроператор туристер алдындағы өз міндеттемелерінің бір бөлігін немесе барлығын орындауды жүктейтін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетуді қамтамасыз етеді. Шығу туризмі саласындағы туроператор туристік өнімді ұсынуды және өткізуді тек қана турагенттер арқылы жүзеге асырады. Турагент шығу туризмі саласындағы туроператор қалыптастырған туристік өнімді өткізу кезінде туристік ваучер беруге міндетті. Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнім шығу туризмі саласындағы туроператордың туристік өніміне енгізу арқылы ұсынылады және осы Заңға сәйкес өткізіледі. 3. Турагент туроператор қалыптастырған туристік өнімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристерге ұсынады және өткізеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |