Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 248 Қаулысы
Осы редакция 2019 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында: 72-2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл ретте, айналым қаражатының мөлшері қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кредит сомасының 50 %-ынан аспауға тиіс айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті субсидиялауға рұқсат етіледі.»; 72-3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «72-3. Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру мен өңдеудегі сомасы 10 (он) миллиард теңгеден асатын жобаларға кредит беру бойынша тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.»; 72-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «72-6. Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша 10 (он) миллиард теңгеден асатын жобалар бойынша салалық қорытынды келіп түскеннен кейін қаржы агенттігі жұмыс органына хабарлама-хат пен осы Субсидиялау қағидаларының 72-3-тармағында көрсетілген құжаттарды салалық қорытындыны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жібереді. Жобаларды субсидиялау № 436 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.»; 72-8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|