ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Стенограмма
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ БАСЫЛЫМЫ
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. НЫҒМАТУЛИН жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы күн, құрметті депутаттар! Баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Прошу всех вас пройти процедуру регистрации. Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Мәжілістің жалпы отырысын ашық, деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Күн тәртібі бекітілді. Құрметті депутаттар, енді күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз. Бірінші мәселе - «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Бұл мәселе бойынша сөз Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы депутат Әбдіров Нұрлан Мәжитұлына беріледі.
ӘБДІРОВ Н.М. Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы! Құрметті әріптестер! Бұл келісімде автокөлік құралдарын жымқыруға, іздеуге және оларды қайтаруға байланысты қылмыстардың алдын алуда, анықтауда, жолын кесуде, ашуда және тергеуде тараптардың өзара іс-қимылы мәселелерін реттеу көзделген. Келісімді ескертпемен ратификациялау ұсынылып отыр. Ол келісімнің 13-бабы 1-тармағына қатысты. Кеден аумағына кеден бажы, салықтар мен алымдар төленбей, еліміздің кеден заңнамасын бұза отырып бұрын әкелінген автокөлік құралдары Қазақстан Республикасына қайтарылған жағдайда, Қазақстан Республикасы өзін аталған норманың ережесімен байланысты деп есептемейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 150 тг
|