Қазақстан Республикасы құрама командасының 2017-2018 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша «MOSTRATEC» халықаралық ғылыми конкурсына қатысуы туралы
Жаратылыстану-математика ғылымдары саласындағы ерекше дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (Ш.А. Қирабаева): 1) Қазақстан Республикасы құрама командасының осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда 2017 жылғы 23-27 қазанда Нова Хамбург (Бразилия) қаласында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша «MOSTRATEC» халықаралық ғылыми конкурсына (бұдан әрі - конкурс) қатысуын ұйымдастырсын; 2) жетекшілердің, конкурсқа қатысушылардың іссапар шығыстары өз қаражаттары есебінен төленетіндігін ескерсін. 2. Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының басшылары (келісім бойынша), іссапар шығыстарын жіберуші тараптың есебінен төленетінін ескере отырып, балалардың Алматы қаласына дейін және кері қайту кезіндегі қауіпсіздігіне жауапты жетекшілерді тағайындасын. 3. Конкурстың өту барысында және жол жүру уақытында балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілік құрама команда жетекшілеріне жүктелсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуының қадағалау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймагамбетовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді
Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 17 қазандағы № 528 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|