Осы редакция 2019 жылғы 7 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына 3-қосымша
«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2017.24.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде; 2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|