1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА (Минск қ., 2017 жыл 13 қыркүйек)
ҚР 2018 жылғы 13 маусымдағы № 158-VІ Заңыменратификацияланды 2019 жылғы 7 ақпанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер 1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 39-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 2-бабында «құрамына» деген сөз «судьялар тізіліміне» деген сөздермен ауыстырылсын.
Келісімнің 3-бабы мынадай редакцияда жазылсын: «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының болатын жері Беларусь Республикасының Минск қаласы болып табылады».
Келісім мынадай мазмұндағы 3.1-баппен толықтырылсын: «3.1-бап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотын қаржыландыруды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшыларының кеңесі мөлшерін айқындайтын үлестік жарналар есебінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарының бірыңғай бюджетінен қатысушы мемлекеттер жүзеге асырады».
Келісім мынадай мазмұндағы 3.2-баппен толықтырылсын: «3.2-бап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты нақты істерді қарау жөніндегі өз қызметін ad hoc форматында жүзеге асырады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының Төрағасы қызметін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының болатын жерінде тұрақты негізде жүзеге асырады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты нақты істерді қарау үшін үш судьядан тұратын палаталар құрамында болатын жерде жиналады».
Келісімнің 4-бабы мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Келісімге қол қойған мемлекеттер үшін осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Заңнамасы осындай келісімдерді ратификациялауды талап ететін мемлекеттер үшін - ратификациялық грамоталарды депозитарийге тапсырған күннен бастап күшіне енеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|