«Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 86 бұйрығымен күші жойылды
бұйырамын: 1. «Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8676 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 26 қыркүйектегі 2013 ж. № 220 (28159) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: бұйрықтың атауы келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі бекітілсін.»; аталған бұйрықпен бекітілген Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулыққа: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі - Көтермелеу) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес әзірленген.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|