2018-2020 жылдарға арналған қала бюджеті туралы
Осы редакция 2018 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2018-2020 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес бекітілсін, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 116 387 940 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер - 109 266 935 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 490 218 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 660 272 мың теңге; трансферттер түсімі - 3 970 515 мың теңге; 2) шығындар - 114 087 940 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 300 000 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 300 000 мың теңге; мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 000 000 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -2 000 000 мың теңге; қарыздар түсімі - 0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 2 000 000 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге. 2. Атырау қаласы бюджетіне жалпы мемлекеттік салықтар түсімінің жалпы сома нормативі 2018 жылға келесідей көлемде бекітілсін: төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы - 50 %; төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы - 50 %; әлеуметтік салық бойынша - 50 %. 3. 2018 жылға Атырау қаласының бюджетінен облыстық бюджетке аударылатын бюджеттік алып қоюлар көлемі 81 025 070 мың теңге соммасында көзделсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|