«Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7451 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 9-тармағына сәйкес»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасына: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының Бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-тармағы негізінде әзірленді және тағылымдамадан өтушілердің барлығына міндетті болып табылады.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|