«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 216-бабының 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметшілер және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері берген сыйлықтарды (бұдан әрі ‒ сыйлықтар);»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Мүлікті есепке алу және сақтау»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3-тарау. Мүлікті бағалау»; 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4-тарау. Мүлікті одан әрі пайдалану»; 23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «23. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорына қосылады.»; 24-тармақ алып тасталсын; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|