Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 159 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Қазақстан Республикасында автомобильдiк инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 110 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1549 болып тіркелген); 2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қолма-қол ақша айналысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 265 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18173 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қолма-қол ақша айналысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі 2-тармағының күші жойылды деп танылсын. 3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Қажмұратов Ж.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|