Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасын бекіту туралы (2014.09.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасы (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар: 1) Іс-шаралар жоспарын орындау бойынша шаралар қабылдасын; 2) жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.09.12. № 1283 Қаулысымен орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1331 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|