Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Щучинск – Көкшетау учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) I-б санатты Нұр-Сұлтан – Петропавл, Көкшетау арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Щучинск – Көкшетау 230+250 километр (бұдан әрі – км) – 291+000 км (бұдан әрі - ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны; 2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Бурабай курорттық аймағының жолдары республикалық маңызы бар автомобиль жолының Щучинск – Бурабай учаскесі, Бурабай – Наурызбай Батыр – Ақмола облысының шекарасы облыстық маңызы бар автомобиль жолы, Щучинск – Бурабай – Щорса – Ильичевка автомобиль жолының учаскесі; 3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –230+250 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 291+000 км; 4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санатты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері: І-б санатты автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр; І-б санатты автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 2 белдеу; 6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 60 км 750 метр; 7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны; 8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес; 9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|