ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 251 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 364 бұйрығына 2-қосымша
«Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің деректерін қабылдау және өңдеу» кәсіби стандарты
1. «Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің деректерін қабылдау және өңдеу» кәсіби стандарты Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің деректерін қабылдау және өңдеу саласындағы маманға, оның дағдыларына, біліктеріне және құзыреттіліктеріне қойылатын біліктілік талаптарды белгілейді. 2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) біліктілік - қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайындық дәрежесі; 2) біліктілік деңгейі - еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкердің дайындық деңгейіне және құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы; 3) еңбек функциясы - бір немесе бірнеше еңбек процесі міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 4) еңбекті ғылыми ұйымдастыру - еңбекті ұйымдастыру саласында ғылыми және тәжірибелік жетістіктерге негізделген еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру процесі; 5) Жерді қашықтықтан зондтау - ғарыш кеңістігінен құрлық, мұхит және атмосфера элементтерінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуін бақылау мен өлшеу арқылы Жер беті туралы ақпарат алу процесі; 6) Жерді қашықтықтан зондтау ақпараттық өнімдері - пайдаланушының қажеттіліктеріне немесе алдын ала белгіленген өңдеу деңгейіне сәйкес таратуға тағайындалған немесе ұсынылған Жерді қашықтықтан зондтау деректері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|