«Патронаждық мейіргер» мобильдік қосымшасын тәжірибелік пайдалануды жүргізу жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы бойынша «Патронаждық мейіргер» мобильдік қосымшасын (бұдан әрі - мобильдік қосымша) енгізу мақсатында және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қаңтарда № 16279 болып тіркелді) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 1027 бұйрығына сәйкес мобильдік қосымша арқылы патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделін енгізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда мобильдік қосымшаны тәжірибелік пайдалануды жүргізу жөніндегі комиссия құрылсын. 2. Комиссия 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейін мобильдік қосымшаны тәжірибелік пайдалануды жүргізу бойынша іс-шараларды жүргізсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті осы бұйрықты мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және жұмысты үйлестіруді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 726 бұйрығына қосымша
«Патронаждық мейіргер» мобильдік қосымшасын тәжірибелік Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|