Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес; 2) «Электр зертханаларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес; 3) «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес; 4) «Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес; 5) «Инвестициялық міндеттемелерді орындау жөніндегі жылдық есепті ұсынуы кезіндегі энергия өндіруші ұйымдардың жабдықтың техникалық жай-күйі туралы қорытынды беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес; 6) «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес; 7) «Тұтынушыларды жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|