«Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 793 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 793 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Семей қаласының барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы»; көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, осы қаулының қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін»; көрсетілген қаулының 2-тармағы мен 2-қосымшасы алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Абай облысы Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2023 жылғы 20 ақпандағы № 128 қаулысына Қосымша
Семей қаласының барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|