«Алматы қаласы аумағында таратылатын шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 2/222 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына сәйкес, және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Алматы қаласы аумағында таратылатын шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы аумағында таратылатын шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 2/309 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1046 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған); 2) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы аумағында таратылатын шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 2/309 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 21 қазандағы № 4/868 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1100 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қарашада «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған). 3. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|