Қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 19 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 3-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацында және 2) тармақшасының екінші абзацында «Астана, Алматы қалаларының» деген сөз тіркесі «республикалық маңызы бар қалалар мен астананың» деген сөздерге ауыстырылсын; 2) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуының заңдылығын тексеруді және бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауды прокурор СДТБТ-ға тіркелген кезден бастап 24 сағаттың ішінде жүргізеді.»; 3) 12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «12. Қалалық, аудандық прокурорлар не оларды алмастыратын адамдар оқиға орнына мынадай фактілер бойынша шығады: азаптау; зорлық белгілері бар мәйітті табу, адам өлтіруге оқталу; қоғамдық резонанс тудырған немесе туғызуға қабілетті (адамдардың қаза болуы, елді мекендердегі су тасқыны, қару-жарақ пен оқ-дәрі жарылыстары, көп пәтерлі үйлердегі өрттер, жаппай тәртіпсіздіктер, ұлтаралық қақтығыстар және басқалар); апаттар, қираулар және басқа да төтенше оқиғалар. Прокурордың қарап тексеруге не өзге де тергеу әрекетіне қатысуы тиісті хаттамаларда көрсетіледі.»; 4) мынадай редакцияда 12-1-тармақпен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|