Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім (Бурабай қ., 2015 жылғы 16 қазанда)
ҚР 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 30-VI Заңымен ратификацияланды 2017 жылғы 22 ақпанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттер, төтенше жағдайлардан болатын қауіпті сезіне отырып, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әл-ауқатын арттыруға және қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететіндігін мойындай отырып, Тараптардың бірінің күштерімен және құралдарымен жою мүмкін емес төтенше жағдайлардың туындау мүмкіндігін, сондай-ақ осыдан туындайтын Тараптардың үйлестірілген іс-қимылдарының қажеттілігін назарға ала отырып, қабылданған көпжақты және екіжақты шарттарды іске асыру шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастықтың көпжылдық оң тәжірибесін жоғары бағалай отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын одан әрі дамыту Тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып; төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім мақсаттары үшін мынадай терминдер пайдаланылады: сұрау салушы Тарап - төтенше жағдайлардың алдын алуда және/немесе оларды жою да оған көмек көрсету туралы сүрау сала отырып, жүгінетін Тарап; сұрау салынатын Тарап - төтенше жағдайлардың алдын алуға және/немесе оларды жоюға көмек көрсету туралы сұрау салумен жүгінетін Тарап; ұсынушы Тарап - сұрау салушы Тараптың сұрау салуы бойынша көмек көрсететін Тарап; құзыретті орган - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға және осы Келісімнің іске асырылуына ұлттық заңнамаға сәйкес жауапты Тарап органы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|