ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарларынан, хатшыдан және оның мүшелерінен тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті оның дербес құрамын айқындайды.»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 26 мамыр
№ 893
Президентінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 893 Жарлығына ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ҚҰРАМЫ
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|