«Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орындарын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орындарын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 720-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған: 1) пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары; 2) Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидалары бекітілсін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|