«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада орналасқан.»; 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) инвестицияларды тарту, қолда бар және тартылған озық технологияларды, ноу-хау пайдалану, заманауи инфрақұрылымды құру жолымен Нұр-Сұлтан қаласын инновациялық дамыту;»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»; «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық шекарасының шегінде қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада орналасқан. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|