Нұр-Сұлтан қаласы аумағында карантиндік арамшөп арам сояулармен зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимінің күшін жою және «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақтарды белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 505-2632 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 02-12/134 ұсынымына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Нұр-Сұлтан қаласы аумағында карантиндік арамшөп арам сояулармен зақымданған алқаптар көлемінде келесі жер телімдерінде карантин режимінің күші жойылсын: 1) Қабанбай батыр даңғылы, № 9/2 («Премьера – 3» тұрғын үй кешені); 2) теміржолдар (Железнодорожный тұрғын алабы), 22-жолдағы табельдік будка; 3) теміржолдар (Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалы), М212 белгісі, 10-аудан. 2. «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақтарды белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 505-2632 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23868 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|