|
Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын қарастыру жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 16 ақпандағы № 53 бұйрығы (2024.15.05. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысының 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын қарастыру жөніндегі ведомствоаралық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 2) Кеңес құрамы бекітілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 16 ақпандағы № 53 бұйрығымен бекітілген
Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын қарастыру жөніндегі ведомствоаралық кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын қарау жөніндегі ведомствоаралық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес қызметінің мақсаты Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (бұдан әрі - ХҒТО) ғылыми жобаларын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Кеңестің жұмыс органы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|