«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 73 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2735 болып тіркелген, 2015 жылдың 8 қыркүйегінде «Ақ жол» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1- тармақта: 19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «19) «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»; 21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «21) Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»; мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын: «22) «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.»; көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 3- тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: есту аппараттарын таңдау мен теңшеуді қоса алғанда, мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу, соңдай-ақ сервистік қызмет көрсету туралы хабарлама.»; көрсетілген қаулымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: ««Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|